Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда студенттердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған конференция өтті

Ақтауда студенттердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы университетте "Жаһандық сын-қатерлер мен құқықтық трансформациялар: конституционализм, цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі адам құқықтары" тақырыбында халықа-ралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл маңызды ғылыми шараға отандық және шетелдік ғалымдар, құқық қорғау саласының мамандары, профессор-оқытушылар құрамы мен 70-ке жуық студент қатысты.

Конференция барысында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — цифрландыру және жасанды интеллектпен байланысты қылмыс түрлері кеңінен талқыланды. Мамандар компьютерлік қылмыстардың ерекшеліктері, олардың түрлері, құқықтық бағалау және тергеу әдістері туралы жан-жақты пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.

Сонымен қатар цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын интернет-алаяқтық, фишинг, деректерді ұрлау және кибершабуыл сияқты қылмыстарды алдын алу және оларға қарсы күрес жолдары қарастырылды. Конференция аясында университет студенттері мен оқытушыларына интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары, қауіпсіз интернет пайдалану ережелері және цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған ғылыми басқосу – құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа сын-қатерлерге жауап беру, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді ортаға салып, ортақ шешім іздеуге бағытталған маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру