Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ұрланған велосипед иесіне қайтарылды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде велосипед ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, үй ауласынан велосипеді ұрланған. Келтірілген шығын мөлшері 54 мың теңгені құрады. Қылмыстың салдарынан жәбірленушіге келтірілген мүліктік шығын толық көлемде өтелді.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында аталған қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Ұрланған велосипед заттай дәлел ретінде тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру