Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция есірткі тарату арнасын әшкереледі

Елордада полиция есірткі тарату арнасын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату бойынша 22 жастағы қала тұрғынын ұстады. Полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында орман алқабы аумағында күдіктіге тиесілі автокөлік тоқтатылды. Жеке тінту кезінде күдіктінің күртесінің қалтасынан альфа-PVP есірткі заты салынған түйіншектер табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар автокөлік салонын тексеру барысында ішінде дәл осындай 245 қаптамаға салынған ірі түйіншектер бар сөмке анықталды. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында дәл осы зат бар стақан, сондай-ақ есірткі заттарын өлшеуге, қаптауға және орауға арналған жабдықтар тәркіленді.

Анықталғандай, ер адам есірткі заттарын әрі қарай тарату мақсатында қоймашы рөлін атқарған. Медициналық куәландыру оның есірткі қолданғанын да растады. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікті деректер туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру