Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимовты жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жаңа жыл мерекесі Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимовтың шаңырағына қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыс - жүрекке жылулық ұялатып, ертеңге сенімді арттыратын ғажайып кезең. Жаңа жыл жақындаған сайын, әр адамның жанында жасына қарамастан мейірім мен шаттыққа толы сиқырлы сәттерді күту сезімі оянады.

Бүгін осындай мерекелік көңіл-күй Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері 102 жасқа толған Құрмат Рахимовтың үйінде ерекше көрініс тапты. Ақсақалдың өмір жолы - табандылық пен ерліктің, Отанға деген жанқиярлық қызметтің айрықша үлгісі.

Атаулы мерекемен қарияны полиция қызметкерлері құттықтады. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Аяз ата кейпінде Ақшақармен бірге ардагердің шаңырағына келіп, оған мықты денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

https://youtu.be/wrz5184AnsM?si=MAl3TOcuCtau9bgf

Бастапқыда қария ертегі кейіпкерінің бейнесіндегі қонақты танымай, таңырқай қарағанымен, генерал бетпердесін шешкен сәтте оның жүзінде шынайы қуаныш пайда болып, жанары мейірімге толды. Осы бір сәтте ғасыр жасаған ардагер ғажайыптарға сенетін балалық шағына қайта оралғандай әсерде болды.

Мұндай кездесулердің мәні ресми баяндамаларда емес, ұрпақтар арасындағы тығыз байланыс пен өткен тарихқа деген шексіз құрметте өлшенеді. Жаңа жылдың шынайы мәні де — осындай игі істер мен адамдар арасындағы мейірімділікте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру