Абай облыстық ҚАЖ қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына сыйлық табыстады
Абай облыстық ҚАЖ қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына сыйлық табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің Жаңғызтөбе кентінде орналасқан "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ филиалының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады. Қазіргі уақытта орталықта алты жастан жиырма бес жасқа дейінгі жиырмадан астам тәрбиеленушіге қызмет көрсетіледі. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар үшін Жаңа жыл қарсаңында көрсетілген мұндай қамқорлық пен назар ерекше маңызға ие.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, қуанышқа, жылулық пен нағыз мерекелік ғажайыпқа толы атмосфера қалыптастырды.
Мекеме қызметкерлері көптеген жылдар бойы балаларды мерекелік күндері сыйлықтар мен көңіл бөлумен қуантуды игі дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да колония қызметкерлері шет қалмай, аталған ізгі бастаманы жалғастырды.
Орталық тәрбиеленушілері көрсетілген қамқорлық, назар және шынайы жылулық үшін қызметкерлерге алғыстарын білдірді. Балалардың жүзіндегі күлкі мен шаттыққа толы эмоциялар өткізілген іс-шараның басты нәтижесіне айналды.
— Өткізілген іс-шара балаларға жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың қоғам тарапынан қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік берді. Басты мақсатымыз — балаларға үміт, жылулық және жақсылыққа деген сенім сыйлау, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.
Мұндай игі істер қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, балаларға Жаңа жыл қарсаңында ұмытылмас әсер сыйлайды.
