Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да масаң күйде көлік басқару фактілері тіркелді

ШҚО-да масаң күйде көлік басқару фактілері тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда полицейлер қала сыртындағы тасжолдарда орын алған екі өрескел құқық бұзушылықтың жолын кесті. Екі жүргізуші де бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, масаң күйде қайтадан рөлге отырған.

Өскемен - Алматы тасжолында Lada Granta көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды. Сараптама оның есірткілік масаң күйде болғанын анықтады.

Өскемен - Рахман қайнарлары бағытындағы жолда орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған жүргізуші тоқтатылды.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды, ал жүргізушілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полиция масаң күйде көлік басқару - қылмыс екенін ескертеді. Өзіңіздің және өзгелердің өміріне қауіп төндірмеңіз. Естеріңізде болсын: заңды қайта бұзғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру