Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған түнгі рейдтік іс-шаралар өтуде

Қызылордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған түнгі рейдтік іс-шаралар өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен 2026 жылғы 10-11 қаңтар күндері түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Рейд барысында қорқорға арналған темекіні тұтыну фактілері, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуы сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бақылау күшейтілді.

Алкоголь тұтыну немесе қоғамдық орында мас күйінде болу бойынша 50 дерек, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруі бойынша 60 дерек, темекі бұйымдарын тұтыну ережесін бұзу бойынша 8 дерек тіркелді.

Ал ұсақ бұзақылықтың 3 дерегі мен қайталанған ұсақ бұзақылықтың 6 дерегі анықталды.

Барлық деректер бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

https://youtu.be/yjH-VNrck2o

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру