Ақмола облысында жолаушыларды сырғанаққа отырғызып серуендеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Ақмола облысында жолаушыларды сырғанаққа отырғызып серуендеткен жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер белсенді азаматтық ұстанымды қолдайтын және құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлайтын бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді.
11 қаңтарда Көкшетау қаласының тікұшақ алаңының аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу тіркелді. Көліктегі белгісіз жүргізуші жоғары жылдамдықпен қауіпті маневрлер, соның ішінде бұрылыс сигналдарын қоспай бұрылыстар жасады.
Құқық бұзушылық туралы хабарлама "102" диспетчерлік қызметінің пультіне келіп түсті, онда жедел басқару орталығының операторы құқық бұзушылықты уақтылы тіркеп, патрульдік полиция жасақтарына берді.
Оқиға орнына келген полицейлер жүргізуші қауіпті маневр жасаудан басқа, көлікке сырғанайтын баллон тіркеп, жастардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін серуен жасағанын анықтады.
Құжаттарды тексеру барысында 19 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі, яғни жол қозғалысы ережелерін қажетті білімі жоқ екендігі анықталды.
Жас жігіт бірден үш бап бойынша, көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін және жолаушыларды көлік құралынан тыс тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция мұндай әрекеттер үлкен қауіп төндіретінін және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және "102" нөмірі бойынша құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.
