Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер отбасыларға профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр

Павлодар облысында полицейлер отбасыларға профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы аясында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр. Негізгі назар құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізуге, сондай-ақ халыққа отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат беруге бағытталған.

Полиция профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша рейдтер өткізіп, қауіп тобына жататын отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеріп, түсіндіру әңгімелерін жүргізуде. Сонымен қатар әкімшілік қамауға алынғандармен, жастармен және еңбек ұжымдарымен дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында азаматтарға заңнама нормалары, көмекке жүгіну тәртібі, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы уақытылы хабарлаудың маңыздылығы түсіндіріледі. Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бұл тек құқық бұзушылық фактілеріне ден қою ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс. Рейдтер мен дәрістер арқылы біз азаматтарға отбасындағы зорлық-зомбылықтың жол берілмейтінін жеткізіп, сондай-ақ заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін еске саламыз, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы Ботагөз Төлеуова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру