Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарының бірінде полиция қызметкерлері ШҚО заң кеңесшілері палатасының өкілдерімен бірлесіп, өңір тұрғындарына арналған профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында орталыққа келушілерге интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері түсіндіріліп, онлайн алаяқтықты қалай анықтауға болатыны, сондай-ақ жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар әрбір тұрғын өз қалауымен QR-код арқылы интернеттегі қауіпсіз мінез-құлыққа арналған пайдалы ақпарат пен практикалық кеңестер жинақталған арнайы профилактикалық сайтқа өту мүмкіндігіне ие болды.

Аталған акция Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына онлайн-алаяқтықтан қорғанудың нақты тетіктерін ұсынып, интернеттегі қырағылық жеке қауіпсіздіктің басты кепілі екенін тағы бір мәрте еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру