Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар облыстық кітапханаға экскурсия жасады
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар облыстық кітапханаға экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталған азаматтар Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханаға арнайы экскурсия жасады. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың мәдени-танымдық көкжиегін кеңейту, тарихи-рухани білімдерін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың жеке кітапханалары мен тұтынған заттарына арнайы шолу жасады.
Қатысушыларға көрнекті қаламгерлердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы қызықты деректер ұсынылып, олардың жеке пайдаланған тұрмыстық заттары мен әдеби жәдігерлері көрсетілді.
Іс-шара соңында пробация есебіндегі азаматтар өз әсерлерімен бөлісті.
— Бүгінгі экскурсия біз үшін өте пайдалы әрі әсерлі болды. Қазақтың көрнекті қаламгерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алдық. Осындай мәдени шаралар адамды жақсы ойға жетелеп, рухани тұрғыда байытады. Ұйымдастырушыларға және кітапхана ұжымына алғысымызды білдіреміз, — деді пробация есебіндегі азамат.
