Абай облысында сотталғандар ауыл шаруашылығы үшін құрал-жабдықтар өндіруді бастады
Абай облысында сотталғандар ауыл шаруашылығы үшін құрал-жабдықтар өндіруді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша орта қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар, металлоконструкциялар мен қолданбалы өнер бұйымдарын өндіретін цехқа жұмысқа орналасқан, малдарды қауіпсіз ұстауға арналған арнайы раскол әмбебап құралын өндіруді бастады.
Аталған құрал-жабдық фермерлік шаруашылықтарда ірі қара малмен жұмыс жасау кезінде, ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылады, соның ішінде вакцинация, чиптеу, емдеу, жасанды ұрықтандыру және таңбалау.
Расколдың конструкциясы малдың басын және денесін сенімді түрде бекітуді қамтамасыз етеді, бұл персоналдың қауіпсіздігін арттырады және малдың күйзелісін азайтады.
Бірінші әмбебап өңдеу және жону құралы Алматы облысының шаруа қожалығының жеке тапсырысы бойынша шығарылды. Тапсырысты орындауға металл өңдеу саласында тәжірибесі бар үш сотталған қатысты. Осындай бұйымдарды өндірудің орташа мерзімі үш-төрт күнді құрайды.
– Нағыз тапсырыс бойынша жұмыс істегенде және сенің еңбегіңнің сапасына адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігі тәуелді екенін түсінгенде, еңбекке және өзіңе деген қарым-қатынас өзгереді. Бұл жұмыс өткен қателіктерді іс жүзінде түзетуге, кәсіби шеберлікке ие болуға және қоғамға пайдалы бола отырып бостандыққа шығуға мүмкіндік береді, – деп бөлісті сотталған.
Сотталғандарды сұранысқа ие өнім өндіруге тарту тек олардың еңбекке тартылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, бостандыққа шыққаннан кейін қажет болатын практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай тапсырыстар мекеменің өндірістік мүмкіндіктері нарық талаптарына сай екенін растайды, – деп атап өтті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Куанышбек Туканов.
ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік цехтардың дамуы сотталғандардың қайта әлеуметтік бейімделуіне және аграрлық сектор өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді. Мекемеде өндірістік қызметті дамыту сотталғандардың әлеуметтік бейімделуінің маңызды бөлігі болып табылатыны баса айтылды.
