Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда киберқылмысқа қарсы күрес бағытында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Атырау облысында азаматтарды интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында кешенді алдын алу шаралары үздіксіз жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратура және еріктілердің қатысуымен қала аумағындағы ірі сауда орталықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Іс-шара барысында тұрғындарға онлайн сауда кезінде жиі кездесетін алаяқтық фактілер, жалған интернет-дүкендер арқылы алдау, сондай-ақ дропперлік әрекеттердің салдары түсіндірілді. Сонымен қатар алаяқтардың өзін банк немесе өзге де мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке және банк деректерін заңсыз иемдену тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру