Абай облысында полицейлер 300-ге жуық оқушыға қауіпсіздік сабағын өткізді
Абай облысында полицейлер 300-ге жуық оқушыға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда заң мен тәртіпті сақтау — әр азаматтың қасиетті борышы, әрі қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі болып отыр. Құқық қорғау органдары өз міндетін атқарса да, қоғамдағы әрбір азаматтың, әрбір отбасының және жалпы ортақ орта — біздің өміріміздің негізгі тірегі екенін ұмытпауымыз қажет.
— Өзіңнен баста деген дана қағида тек жеке адамға қатысты емес, ол қоғамның барлық деңгейіне арналған жолбасшы. Заңға бағыну, өзгелерге құрмет көрсету, өз әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарау — бұл тек құқықтық міндет емес, сонымен қатар қоғамдық мәдениетті қалыптастырудың негізгі тетігі. Осы мақсатқа жетудің негізгі 3 қадамы бар. Заңды сақтау — қоғамдағы әрбір тұлғаның құқықтары мен міндеттерін білуі және орындауы. Құрмет пен мәдениеттілік — отбасыда, мектепте, жұмыс орнында және қоғамдық ортада бір-біріміздің құқықтарымызды сыйлау. Жауапкершілік — өз әрекеттерімізге жауап беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамға пайдалы үлес қосу, - деді профилактика жұмысын үйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Кутанбаев Ернур Кадирбекович.
Отбасы — бұл адамның алғашқы мектебі. Балалар көбіне сөзден гөрі іс-әрекет арқылы үйренеді. Сондықтан ата-ана мен отбасының үлгісі олардың заңға құрмет, адалдық және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Дұрыс тәрбие алған бала болашағында қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін азаматқа айналады.Қоғам мен орта да заң мен тәртіпке бағынудың нәтижесін көреді.
Қауіпсіз, тәртіпті, мәдениетті орта — тек жеке адамның ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің бірлескен әрекеті арқылы қалыптасады. Әрбір көшеде, әрбір мектепте, әрбір үйде заң мен тәртіпті сақтау — қоғамның берекесін сақтаудың кепілі.
Полиция департаменті осы мақсатта мектептерде арнайы құқықтық тәрбие және қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырды, нәтижесінде 300-ге жуық бала өз құқықтарын білу, заңға бағыну, қауіпсіз өмір сүру ережелерін меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Бұл сабақтар балаларға құқықтық мәдениет пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруда маңызды қадамы.
Бүгін әрбір адам өзінен бастап, заң мен тәртіпті құрметтеуді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруы қажет. Бұл тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл отбасының, қауымның, жалпы қоғамның дамуы мен берекесі үшін маңызды.
