Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Профилактика — құқық бұзушылықтың алдын алу тетігі

Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері есепте тұрған азаматтармен тұрақты түрде кездесіп, заң талаптарын үздіксіз нақты әрі түсінікті тілде түсіндіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықты қайта жасау енді ескерту емес, заңда көзделген қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Жалпы, Талдықорғанда профилактикалық алкогольдік есепте 893 адам, ал есірткілік есепте 123 адам тұр. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысының артында адам тағдыры, жіберілген қателік және елеусіз қалдыруға болмайтын салдар бар.

Профилактикалық кабинеттерде полиция қызметкерлерімен қатар дәрігер-наркологтар мен психологтар жұмыс істейді. Мұнда алкоголь мен есірткінің адам денсаулығына, отбасына және болашағына тигізетін зияны ашық айтылады. Мұны ерте түсінген адамның қателігін түзетуге мүмкіндігі жоғары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, заң мен тәртіп әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. Профилактика — ауыр салдардың алдын алатын негізгі жол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру