Павлодар облысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға құқықтық дәріс өткізді
Павлодар облысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға құқықтық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында №44 мекеменің қызметкерлерімен және №39 мектептің ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіруге арналған дәріс өткізілді.
Әр бала — ел болашағы. Бүгін не ексең, ертең жемісін соның өзі береді. Оқушылар дәрісті зейін қойып тыңдап, өз ойларын бөлісті.
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып тұрған буллинг тақырыбы да қозғалды, оның салдары мен әкелетін жауапкершілік талқыланды. Балалар өздеріне дұрыс шешімдер қабылдауды үйреніп, болашақта өзін қорғауға бағыт алды деген ойдамыз.
