Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер үйінің есігін аша алмаған тұрғынға көмектесті

Көкшетауда полицейлер үйінің есігін аша алмаған тұрғынға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда сағат 21:50 - де кезекші бөлімге телефон қоңырауы келіп түсті, пәтерге кіре алмаған әйел көмек сұрады. Оның айтуынша, жұбайы 15 қаңтардан бастап байланысқа шықпаған. Ол туыстарына кеткенін айтты. Ал қайтып оралғанда есік жабық, қоңырауларға жұбайы жауап бермеген.

Оқиға орнына Көкшетау қ. ПБ  учаскелік полиция инспекторлары Қуат Кажимов пен Еркін Жусупбеков дереу жетті.

Бірінші кезекте полицейлер әйелдің ТЖ қызметіне жүгінгенін нақтылады. Алайда ол есіктің бұзылуына әкеп соқтыратынын ойлап, оларды шықырмағанын айтты. Оның мүлкін қалпына келтірудің қаржылық мүмкіндігі болмағандығынан, ол есікке зақым келтірмеуді өтінді.

– Мен биіктіктен қорқамын. Бірақ әйел әлеуметтік желілерде полицейлердің әрқашан адамдарға қалай көмектесетінін көргенін айтқан кезде, мен басқаша мүмкін емес екенін түсіндім. Біз көмектесуіміз керек, – деп бөлісті Қуат Кажимов.

Полицейлер өз бастарын қатерге тігіп,  үшінші қабаттағы көрші балкон арқылы пәтерге кірді. Процесс бейнеге жазылған

Полиция қызметкерлері ішке кіргенде, дабыл күшейе түсті ер адам жауап бермеді.

– Бақытымызға орай, ол аман-есен, жай қатты ұйықтап жатқан. Дегенмен соңғы сәтке дейін жағдай қайғылы бола ма деп қауіптенген едік, – деді тәртіп сақшылары.

Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, табандылығы және адамгершілігі арқылы ауыр зардаптардың алдын алып, уақытында көмек көрсетілді.

Бұл жағдай азаматтардың сенімі бекер емес екендігінің айқын мысалы. Ал "полиция әрқашан қасында" деген сөздер тек ұран ғана емес, іс - әрекеттермен расталған шындық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру