Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әр шақырту – жауапкершілік: патрульдік полицейдің бір күні

Семейде қызмет етіп жүрген патрульдік полицейдің бір күні жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторының жұмыс күні ең басты құндылық– отбасының қолдауынан басталады. Жақындарын шығарып салу, қысқа ғана ақ тілектер мен алда қауіп пен жоғары жауапкершілікке толы қызмет күтіп тұрғанын түсіну – полицей үшін күнделікті қалыпты жағдай.

Патрульдік полиция батальонының инспекторы Мейрам Рахашевтың күнделікті қызметі ерте басталады. Оның жұмыс күні ондаған шақыртуға жедел әрекет етуден, жол-көлік оқиғаларына бару, профилактикалық іс-шаралар мен рейдтерге қатысудан, сондай-ақ қаланың ең қарбалас аумақтарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына ең бірінші болып жетіп, шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдайды және азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін қатерге тігуге де дайын. Қарбалас уақытта көлік қозғалысын реттеу, жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсету, құқық бұзушылықтың алдын алу – мұның барлығы күнделікті қызметтің ажырамас бөлігі.

Кадр сыртында шаршау, күйзеліс пен үлкен жауапкершілік қалып қояды. Алайда дәл осындай күнделікті еңбек қоғамның полицияға деген сенімін қалыптастырады. Полиция қызметкерінің бір күні – әрбір шығудың маңызы бар, ал басты мақсат өзгермейтін қызметтің көрінісі. Ол – адам өмірін сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Полиция азаматтардың қауіпсіздігі мен өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру