Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ұйымдасқан қылмысқа қарсы бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді

БҚО-да ұйымдасқан қылмысқа қарсы бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының қызметкерлері Орал қаласы аумағында мүліктік қылмыстардың, оның ішінде бопсалау мен күш қолдануға байланысты ауыр қылмыстардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Жедел-тексеру іс-шаралары барысында бұған дейін бірнеше рет сотталған, 25 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ол қаланың орталығында орналасқан тұрғын үйлердің подъездерінде жергілікті тұрғынды күш қолданумен қорқытып, 100 мың теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында бұрын сотты болған 19 жастағы азамат та ұсталды. Ол түнгі уақытта қоғамдық орында күш қолдану арқылы облыс орталығының тұрғынынан iPhone 13 ұялы телефонын ашық түрде тартып алып, жәбірленушіге 125 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Екі күдікті де полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын, ықтимал сыбайластарын және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерін анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған фактілер бойынша бопсалау және тонау белгілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары маргиналды жастармен, сондай-ақ бұрын сотталған және қылмыс жасауға бейім тұлғалармен тұрақты әрі жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру