Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз аула" ЖПІШ: Абай облысында есептегі азаматтар тексерілді

Абай облысында есептегі азаматтар тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында "Қауіпсіз аула" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара шеңберінде облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарға қатысты кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, түнгі уақыттарда есептегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру ұйымдастырылып, олардың заң талаптарын сақтауына бағытталған түсіндіру әңгімелері өткізілуде.

Іс-шара нәтижесінде барлығы 854 есепте тұрған тұлға тексеруден өтті. Профилактикалық іс-шара барысында азаматтардың күнделікті өмір салты, қоғамдық орындардағы мінез-құлқы, әкімшілік қадағалау талаптарының орындалуы жан-жақты қарастырылып, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Қызметкерлер тарапынан заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған ескертулер беріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру