Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген учаскелік полицейдің бір күні

Аудан ұйқыға кетіп, қайта оянған кезде де учаскелік инспектор өз бағытын жалғастыра береді. Артық сөзсіз, көзге түсер ерліксіз – бірақ аула тыныштығы, отбасылардың қауіпсіздігі мен адамдардың сенімі тікелей байланысты болатын ішкі тәртіппен. Бұл – Абай облысындағы күнделікті қызметтің шынайы бейнесі. Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Азамат Бейсенбеков, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азамат Бейсенбеков ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ал 2024 жылдан бастап өзіне бекітілген учаскеде жұмыс істейді, әрбір ауласы мен көшесін бес саусақтай біледі.

Оның жұмыс күні ерте басталып, белгіленген уақытпен аяқтала бермейді. Қоңыраулар, шақыртулар, тұрғындармен әңгіме, алдын алу шаралары, күрделі жағдайларда шешім іздеу. Кейде түнде. Кейде демалыс күндері. Үйінде отбасы күтіп, кішкентай қызы өсіп жатқан сәттерде де жұмысына берік.

Қызмет үлкен сабырды, салқынқандылықты және кең жүректі талап етеді. Форма артында – үйіне асығатын, жақындары үшін алаңдайтын, бірақ соған қарамастан қайтадан қызметке шығатын тірі жан бар. Өйткені ол өз шешімінен біреудің тағдыры тәуелді болуы мүмкін екенін жақсы түсінеді.

– Халықтың тыныштығы – біздің басты мақсатымыз. Мен өз жұмысымның маңызын жақсы түсінемін. Әсіресе адамдардың көзінен немесе телефондағы дауысынан олардың алаңдаушылығын сезгенде, сол сәтте оларға жай ғана жауап емес, сенімділік қажет екенін білесің. Ал оны беру – сенің міндетің, – дейді Азамат.

Бұл сөздер – ұран емес, күн сайын жасалатын таңдау. Қиын сәтте жанынан табылу. Көмекке бірінші болып келу. Тәртіп шебін үнсіз, көзге түспей, бірақ сенімді түрде ұстау. Дәл осындай ашық, кәсіби және халыққа бағытталған офицерлер заманауи полицияның келбетін қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру