Қызылордада "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету бойынша телекөпір өтті
Қызылордада "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету бойынша телекөпір өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету мақсатында Қызылорда қаласындағы Б.Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық технология мектеп-лицейінің және Ж.Махамбетов атындағы №43 мектептің 11-сынып оқушыларымен телемост форматында кездесу өтті.
Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Ж.Ернияз, тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Б.Сәметов, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А.Досанов қатысты.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, дропперлік, алаяқтық, бұзақылық, есірткі заттарының теріс әсері, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, алкогольді және спирттік ішімдіктерді тұтынудың, сондай-ақ автокөлік пен қару қолдануға байланысты заң талаптарының маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, тәрбиелік мақсатта екі сотталған азаматтың бейнематериалы көрсетіліп, олардың өмірлік қателіктері жасөспірімдерге сабақ ретінде ұсынылды.
Сонымен қоса іс- шара аясында оқушыларға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу шарттары туралы да айтып өтті.
