Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз аула” ЖПІШ: Алматыда полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтады

Алматыда полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз аула” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция тұрғын үй секторында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы мақсатты жұмысын жалғастыруда.

Алматы қаласының Түрксіб ауданында рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату фактісін анықтады. Заңсыз сатылған тауар тәркіленіп, сауда нысанының иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталды. Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәркіленген алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркіленіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жою үшін уәкілетті органдарға берілді. Аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясындағы профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге, тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және аулалар мен тұрғын ықшам аудандарда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.

— ”Қауіпсіз аула” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға ерекше назар аударамыз, себебі мұндай фактілер қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру