Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция еріктілермен бірге тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді

Түркістан облысында полицейлер еріктілермер бірге тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданында бір нүктелік профилактикалық іс-шара өткізді. Шара полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Құрбаналиевтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, жеке құрамға интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізілді.

Тәртіп сақшылары аталған шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Полиция бөлімі ерікті жастармен бірлесіп, ауыл-аймақтарды аралап, азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратты және сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында әрбір тұрғын өз қауіпсіздігі үшін сақтық танытып, саналы шешім қабылдауға шақырылды. Мұндай кездесулер қоғамдағы сенімділікті арттырып, әр адамды өз құқықтарын қорғауға әрі бір-біріне көмек көрсетуге ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру