Жетісу облысында полицейлер ер адамды құтқарып қалды
Жетісу облысында полицейлер ер адамды құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпан күні шамамен сағат 17:30-да “102” арнасына шұғыл хабарлама түсті. Қаланың 36 жастағы тұрғыны масаң күйде бесінші қабаттағы балконға шығып, өзіне қауіп төндірмек болған.

Мұндай жағдайларда әр минут қымбат. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Учаскелік полиция инспекторлары Мади Болатбек пен Мақсат Сейітберлі байыппен әрі сенімді әрекет етті. Тактикалық шеберлік пен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, олар азаматпен сенімді байланыс орнатып, әңгімеге тартып, қауіпті жағдайдан шығуына көмектесті. Полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында ер адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Кейін оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Жағдай тұрақталғаннан кейін азамат медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адам мамандардың бақылауында.
