Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының профилактикалық кабинетіне барып, оның жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында әкім орынбасарына профилактикалық қызметтің негізгі бағыттары, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар және халықпен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы, білім беру ұйымдарымен және өзге де мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл барысы туралы баяндады.

Қазіргі таңда ерте профилактикаға, азаматтармен жеке жұмыс жүргізуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кабинет қызметімен танысу қорытындысы бойынша Марлен Көлбаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, профилактикалық бағытты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

- Қылмыстың алдын алу — бұл жай ғана қызметтік бағыт емес, стратегиялық міндет. Мемлекеттік органдардың тығыз өзара іс-қимылы және халықпен жүйелі жұмыс арқылы ғана адамдарды дұрыс жолға бағыттауға болады. Профилактика — қоғамды сауықтыру мен оның қауіпсіздігін нығайтуға жасалған қадам, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Кездесу барысында ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту, ерте әрекет ету тетіктерін жетілдіру және профилактикалық бағдарламаларды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру