Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда интернет-алаяқтық жолы кесілді: "Anti-Fraud" операциясы нәтижесінде құқық бұзушылық тоқтатылды

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №75 мекемесінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – интернет-алаяқтықтың жолын кесу, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою.

Жедел іс-шара барысында А. есімді азаматтың Атырау қаласының аумағында әлеуметтік желілерді пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолымен шамамен 3 млн теңге көлемінде қаржылай пайда тапқаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттер дер кезінде әшкереленіп, қылмыстық жолы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жариялауға жатпайды.

Ведомство өкілдері азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады: онлайн-контактілерге абай болу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және қаржылай ақпаратты қорғау – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жолдары болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, алаяқтық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру