Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге бақылау күшейтілді

Талдықорған қаласында қоғамдық жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы ерекше назар қоғамдық көлік саласына аударылды. Себебі автобус жүргізушісінің әрбір шешімі ондаған жолаушының өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.

Іс-шара барысында полицейлер қоғамдық автобустардың жүргізушілерінің денсаулық жағдайын, сондай-ақ көліктердің жолға шығар алдындағы техникалық жай-күйін мұқият тексерді.

Бақылау барысында:

  • міндетті медициналық тексеруден өтуі;

  • тежегіш жүйесінің жарамдылығы;

  • рөлдік басқарудың дұрыстығы;

  • жарық беру құралдарының жұмыс істеуі;

  • жолаушылар қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де техникалық элементтердің жағдайы назарға алынды.

Қоғамдық көлік жүргізушісінің жауапкершілігі жеке автокөлік иесіне қарағанда бірнеше есе жоғары. Автобус тізгінінде – ондаған адамның тағдыры. Әрбір жолаушының қауіпсіздігі жүргізушінің кәсібилігіне, денсаулығына және жолдағы тәртібіне байланысты.

- Біздің мақсатымыз — тек бұзушылықтарды анықтау ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Үздіксіз бақылау жолдағы тәуекелдерді азайтып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді полиция қызметкерлері.

Профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға және жолдағы қауіпсіздік баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру