Екібастұзда полицейлер ПИК қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Екібастұзда полицейлер ПИК қызметкерлерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында еңбек ететін әйелдерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Полицейлер қала әрдайым таза әрі көрікті болуы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдірді. Құттықтау шарасы олардың жұмыс орнында – көшелерде және коммуналдық қызмет нысандарында өтті. Полицейлер әйелдерге гүл сыйлап, мерекелік күннің құрметіне естелікке суретке түсті.
– Сіздердің еңбектеріңіз көпшілікке байқала бермегенімен, әрбір қала тұрғыны үшін аса маңызды. Біз сіздерді жеке құттықтап, қаламыздың жайлылығы мен тазалығына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз, – деді Екібастұз қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.
Іс-шара жылы атмосферада өтті. Бұл қалалық полиция тарапынан қаламыздың тазалығы мен көркеюіне қамқорлық жасап жүрген жандарға деген құрмет пен қолдауды айқындады.
