Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада заңсыз аң аулаған тұрғын 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Қызылордада заңсыз аң аулаған тұрғын 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Арал аудандық пробация қызметінің есебіне заңсыз аң аулағаны үшін сотталған азамат алынды.

Сот үкіміне сәйкес, оған 400 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалған. Қазіргі таңда есептегі азамат белгіленген тәртіпке сай күніне төрт сағаттан қоғамдық жұмыс атқаруда.

Сотталған аудан әкімдігі бекіткен аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарды тазалау және абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосуда.
Есептегі азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

— Негізі өзім кінәлімін. Заңсыз аң аулау қылмыс екенін біле тұра сондай әрекетке бардым. Қателігімді түсіндім. Қазір жазамды қоғамдық жұмыстар арқылы өтеп жүрмін. Бұл еңбек қоғамға да пайдалы деп ойлаймын, — деді ол.

Мамандардың айтуынша, қоғамдық жұмыс жазасы сотталған азаматтарды тәртіпке шақырып, олардың қоғамға бейімделуіне оң әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру