Павлодарда демалыс қарсаңында оқушылар қауіпсіздігі талқыланды
Мектеп демалысы қарсаңында полиция қызметкерлері қалалық мектептердегі ата-аналар жиналыстарына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Негізгі тақырып — жасөспірімдерді құқық бұзушылықтан қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Полиция қызметкерлері интернеттегі қауіптер мен алаяқтық схемаларына ерекше тоқталды. Мұндай жағдайларда көбіне балалар жәбірленушіге айналады. Ата-аналарға ескертілгендей, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруі заңсыз және жауапкершілікке әкеп соғады.
– Бүгінде жасөспірімдерді есірткі бизнесіне және интернет-алаяқтыққа тарту – нақты қауіп. Ата-аналарға еске саламыз: балалардың іс-әрекетіне жауапкершілік ең алдымен ата-аналарға жүктеледі. Демалыс кезеңі қауіпсіз өтуі үшін балаңыздың қайда, кіммен жүргенін, әсіресе кешкі уақытта бақылауда ұстау маңызды. Баланың бос уақытын және араласатын ортасын қадағалау – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы. Тек отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы ғана жауапты ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді, – дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды балалардың қызығушылықтары мен достарына назар аударуға шақырды.
