Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда "Ауладағы қабылдау" акциясы өтті: полицейлер тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері "Ауладағы қабылдау" акциясы аясында көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай формат тәртіп сақшыларына қала тұрғындарымен ашық диалог орнатуға, олардың өтініштері мен шағымдарына жедел ден қоюға және профилактикалық жұмыстарды мекенжай бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – интернет-алаяқтықтың алдын алу болды. Полицейлер алаяқтардың өзін банк, құқық қорғау органдары немесе ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстыратын кең таралған алаяқтық тәсілдерін жан-жақты түсіндірді.

Тұрғындарға бөгде адамдарға жеке деректерін ешқашан бермеу және күмәнді ақпаратты тек ресми колл-орталықтар арқылы тексеру қажеттігі ескертілді.

Екінші маңызды тақырып – велосипед ұрлығының алдын алу. Екі дөңгелекті көлік иелеріне велосипедтерін кіреберістерде немесе көшеде, тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмау, сондай-ақ әрдайым сенімді құлыптарды пайдалану ұсынылды.

Кездесу барысында павлодарлықтар өздерінің учаскелік полиция инспекторларының жұмысы және аулалардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тікелей сұрақтарын қойды. Полицейлер барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріп, аулалардағы қауіпсіздік полиция мен тұрғындардың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру