Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық киім – мәдениет пен дәстүрдің айнасы

Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық киім күнін мерекелеу аясында ерекше іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік шарада мекеме қызметкерлері киіз үйді дәстүрлі әшекейлермен сәндеп, ұлттық музыкамен ерекше атмосфера жасады. №7 мекеменің қыз-келіншектері ұлттық киім үлгілерін көрсетті.

Көрсетілім барысында әрбір киімнің өз тарихы баяндалып, дәстүрлерді сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ел мәдениетіне деген мақтаныш сезімін жеткізді.

– Біз ұлттық бірегейліктің маңызын көрсетуге, халық рухын қолдауға және оның бірлігін нығайтуға тырыстық. Мұндай шаралар мәдени мұраны сақтау мен оны келесі ұрпаққа жеткізуге ынталандырады, – деді мекеменің жасақ бастығы Хадиша Ералинова.

Шараға қатысқан қызметкерлер ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді дәріптеудің маңызын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру