Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың тапсырмасына сәйкес, Әмір Темір атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Г.Тұрысбеков полиция қызметкерлерімен бірлесіп, оқушылармен жасөспірімдер қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараға мектеп басшылығы, психологтар мен педагогтар да қатысты.
Кездесу барысында топтық төбелесу, буллинг, лудомания және бопсалаудың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушыларға мұндай құқық бұзушылықтардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.

Полицейлер заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығын еске салып, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар берді.
