Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көші-қон қызметі шетелдік студенттерді қарсы алды

Павлодарда көші-қон қызметі шетелдік студенттерді қарсы алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын ерекше мереке. Биыл Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірді білім алу үшін таңдаған шетелдік студенттерге арнап жұмыс күнін шынайы мәдени мерекеге айналдырды.

Қызметкерлер қызметтік қатаң форманы ұлттық нақыштағы камзолдарға ауыстырып, қонақтарды қазақы қонақжайлықпен қарсы алды. Әртүрлі елдерден келген студенттер ұлттық киімдердің әсемдігін тамашалап қана қоймай, мерекелік дастарханнан дәм татты.

Ораза ұстап жүрген азаматтарға да ерекше назар аударылды. Ауыз бекіткен шетелдік студенттер үшін кешкі ауызашарға арналған арнайы жиынтықтар әзірленіп, олардың діни ұстанымдарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара "галстуксыз диалог" форматындағы ашық кездесуге ұласты. Еркін әрі достық атмосферада шетелдік студенттер мен Қазақстан азаматтарына маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда студенттерге Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібі мен тіркеу мерзімдері түсіндіріліп, көші-қон заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар шетел азаматтарына тұруға ықтиярхат алу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, құжаттандыру және паспорт алу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мұндай кездесулер шетелдік студенттердің елімізге тез бейімделуіне, құқық қорғау органдары тарапынан қолдау сезінуіне ықпал етеді.

– Шетелден білім алуға келген жастар үшін Наурыз – қазақ халқының рухани болмысын жақыннан тануға мүмкіндік. Біз полицияның ең алдымен көмекші әрі қорғаушы екенін көрсетуді, кез келген жағдайда қолдау көрсетуге дайын екенімізді жеткізуді мақсат еттік, – деді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Павлодар облысының көші-қон қызметі ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, әрбір қонақты құрметтейтін ашық әрі кәсіби ведомство ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру