Қызылорда облысында жастар арасында есірткіге қарсы пантомима байқауы ұйымдастырылды
Қызылорда облысында жастар арасында есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының оқу орындары арасында есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауын Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — жастардың есірткіге қатысты теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Сайысқа облысқа қарасты қала мен аудандардағы мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты. Қатысушылар қысқа бейнероликтер түсіріп, пантомима мен қол қимылдары арқылы есірткіге қарсы сөздер мен ұрандарды жеткізді. Фон жасаған қатысушылар қара киім киіп, ақ қолғаптағы қолдар арқылы үшке дейінгі негізгі антинаркотикалық сөздерді бейнеледі. Мұндай ерекше формат конкурс идеясын көрнекі түрде жеткізіп, қатысушылардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді. Әр жұмыстың бірегейлігіне, нақтылығына және визуалды әсерлілігіне ерекше мән берілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын — №113 орта мектеп Қармақшы ауданы, №40, 41 орта мектептер Шиелі ауданы, №125 орта мектеп Жаңақорған ауданы, №10 мектеп-лицей (Қызылорда қаласы);
ІІ орын — №34 орта мектеп Жалағаш ауданы, №147 орта мектеп Сырдария ауданы, №48 мектеп-лицей Шиелі ауданы, №175 орта мектеп Қызылорда қаласы;
ІІІ орын — №156, 50 орта мектептер және Оқушылар үйі Шиелі ауданы.

Сайыстың өткізілуі жастардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтының маңызын түсінуге және есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуына ықпал етеді.
