Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға өз қарасты №9 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД №9 мекемесінде "Рамазан" ЖШС және "Рамазан құс" ЖШС басшылығының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Кездесу барысында түзеу жолына түскен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ оларды одан әрі жұмыспен қамту мүмкіндіктері талқыланды. Сотталғандарды еңбекке тарту және оларда тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес аясында №9 мекеменің колония-қонысында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандум қаралды.

Мұндай бастамаларды іске асыру сотталғандардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, босатылғаннан кейін олардың қоғамға табысты бейімделуіне және қайта құқық бұзушылық жасау тәуекелін төмендетуге ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру