Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Шалқар Ақымғалиевті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Атырауда Шалқар Ақымғалиевті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының ұйымдастыруымен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің еске алуына арналған шағын футболдан турнир өткізілді. Іс-шараның мақсаты — тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, командалық рухты нығайту және әріптестік ынтымақтастықты дамыту.

Турнирге Атырау облысы ПД, қалалық полиция басқармасы, №1 және №2 қалалық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ "Динамо" спорт және блогерлерден құралған 10 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде Атырау қалалық полиция басқармасы I орынды жеңіп алса, №2 қалалық полиция бөлімі II орынға, ал "Динамо" спорт және дене шынықтыру қоғамы III орынға ие болды.

Сонымен қатар турнирде "Үздік ойыншы", "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы" және "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.

Турнир соңында әріптестері Шалқар Ақымғалиевтің қызметтегі адалдығы мен адамгершілігін еске алып, оның жарқын бейнесі мәңгі есте қалатынын атап өтті. Осындай спорттық шаралар ұжым ішінде бірлікті нығайтып қана қоймай, ерлікпен қызмет атқарған әріптестердің есімін ұмытпауға бағытталған игі дәстүрге айналып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру