Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда абаттандыру талаптарын бұзу деректері анықталды

Атырау облысында "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің санитарлық жағдайын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері елдімекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 1426 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 129 дерек тіркелді.

Мәселен, 1997 жылы туған азамат көше бойындағы нысанның айналасында тазалық талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Сондай-ақ вокзал маңындағы шағын маркет қызметкерлері тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастағаны үшін Қазақстан Республикасы құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте полицейлер өңір тұрғындарын тазалық талаптарын қатаң сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру