Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар мектептерінде буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді

Павлодар облысының полицейлері өңірдегі білім беру ұйымдарында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі назар мектептердегі буллинг пен әлеуметтік желілердегі кибербуллингтің алдын алуға аударылды.

– Оқушыларға кез келген құқық бұзушылық үшін заң алдында жауапкершілік бар екенін түсіндірдік. Қатарластарына қысым көрсету де, тәртіп бұзу да жазасыз қалмайды. Басты мақсат – жанжалдың алдын алып, мектепте қауіпсіз орта қалыптастыру, – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Олжас Есжанов.

Кездесулер барысында тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердегі мінез-құлық мәдениетіне және оқу үдерісі кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне де ерекше назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру