Ел чемпионатында полицей қос қола медаль еншіледі
Түркістан қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының полицейі дзюдо мен қазақ күресінен қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласында дзюдо, самбо және қазақ күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирге елдің барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс жүлдегерлерінің қатарында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы взводының командирі Мирас Мақсүтов бар. Ол жарыс қорытындысы бойынша дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және қазақ күресінен 82 келіге дейін екі қола медаль жеңіп алды.

Мирас Мақсүтов ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етеді, ал арнайы бөлімшеде 2018 жылдан бастап еңбек етуде. Ол жан-жақты дайындалған спортшы: Қазақстанның Masters Athletics федерациясының мүшесі, 60 метрге жүгіру және диск лақтыру бойынша жарыстардың жүлдегері. Сонымен қатар самбо мен еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат және IPS ату бойынша сертификатқа ие.
