Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер есірткі сатқан ер адамды құрықтады

Сарыағаштық полицейлер есірткі сатқан ер адамды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне аудан тұрғынының бірі хабарласып, сырттай танысы есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат берген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен Сарыағаш ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, күдікті қала көшелерінің бірінен ұсталды. Тексеру барысында күдікті тұрғыннан айғақты зат ретінде өсімдік тектес есірткі заты бар қағаз орамасы тәркіленіп алынды.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 5 грамнан асатын марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі  таңда күдікті ер адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру