Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда “Автобус” іс-шарасы кезінде екі мыңға жуық хаттама толтырылды

Түркістанда “Автобус” іс-шарасы кезінде жүргізушілерге қатысты екі мыңға жуық хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Аталған іс-шара барысында Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1793 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша 213 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлімімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 78 дерек тіркелсе, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 396 жайт тіркеліп, хаттама толтырылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша 317 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) 76 жайт тіркеліп, хаттама түзілген. Міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 229 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 25 жайты анықталды. Мас халде қоғамдық көлік тізгіндеген бес жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ, 76 көлік айыптұраққа қойылды.

Іс-шара 2 наурызға дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайын, оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілерді тексереді. Сондай-ақ, шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын көлік иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру