Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда спорттық және жауынгерлік самбодан Ұлттық ұланның үздіктері анықталуда

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогына арналған спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионат өз шымылдығын түрді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел қорғаны саналатын айбынды құрылым сарбаздарының басын қосқан бұл додаға Ұлттық ұланның "Оңтүстік, "Орталық", "Шығыс" және "Батыс" өңірлік қолбасшылықтары, сондай-ақ Астана қаласындағы 5573 және 6636 әскери бөлімдері, Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімі мен Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясынан жүзге жуық спортшы қатысуда. Әр өңірден іріктеліп келген балуандар боз кілемде өзара мықтыны анықтайды.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Бекайдар Қазкеев қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай спорттық шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде және оларды тұрақты түрде спортпен айналысуға баулуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін басталған тартысты бәсекенің финалдық кездесулері 16 сәуір күні өтеді. Сол күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, салтанатты түрде марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру