Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда суық қаруды заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті

Атырауда суық қаруды заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында суық қаруды заңсыз пайдаланудың алдын алу және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға №2 қалалық полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің қызметкерлері қатысып, Атырау аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен жүздесті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері суық қаруды заңсыз алып жүрудің қоғамға төндіретін қаупі мен оның құқықтық салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен баяндалып, суық қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүргені үшін көзделген әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік түрлері нақты мысалдармен түсіндірілді.

Сонымен қатар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады. Іс-шара ашық форматта өтіп, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

– Әрбір азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Суық қаруды заңсыз алып жүру – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне төнетін қатер. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу – баршамызға ортақ міндет. Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбай өмір сүруі тиіс. Себебі бір адамның қателігі өзге жандарға зиян келтіруі мүмкін, – деді №2 Атырау қалалық полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің бастығы Диар Шафиғолла.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру