Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық кітап күні: Астанадағы ҚАЖД мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Астанадағы ҚАЖД мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні орай Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы қолдауымен Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде кітапхана қоры толықтырылды.

Іс-шара аясында мекеме кітапханасына 300-ге жуық кітап табысталып, қор айтарлықтай байытылды. Жаңа әдебиеттер қатарында көркем шығармалар, тарихи еңбектер, сондай-ақ танымдық және мотивациялық бағыттағы кітаптар бар. Бұл бастама сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дүниетанымын кеңейтуіне және тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, ой-сананы дамытатын маңызды құрал. Осы бағытта мекеме әкімшілігі кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Сотталғандар көрсетілген қолдау үшін Мәдениет басқармасына алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалардың олардың оң өзгеруіне, білім алуына және қоғамға қайта бейімделуіне үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру