Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуын тоқтатты

Шемонаиха қаласында полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуын тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде қаладағы саябақтардың бірінде белгісіз үш адамның қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны бейнеленген видео тарады. Кадрларда олардың қоқыс шашып, урналарды теуіп, орындықтарды сындырғаны, былапыт сөздер айтып, қала мүлкіне зиян келтіргені көрінеді.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді. Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылардың жеке тұлғасы қысқа мерзім ішінде анықталды. Олар үш жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, оларға қатысты ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде болу, тыныштықты бұзу, сондай-ақ бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.

Жиналған материалдар заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Полиция азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру