Алматыда полицейлер жалпықалалық сенбілікке қатысты
Алматыда полицейлер жалпықалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Алматы қаласында өткен жалпықалалық сенбілік аясында полиция департаментінің бөлімшелері абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге белсене атсалысты.
Жеке құрам бекітілген аумақтарға шығып, қоқыс жинау, аумақтарды тазалау және қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру жұмыстарын орындады.
Полицейлердің сенбілікке қатысуы – қаланың тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан нақты үлесі.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қалаға және оның тұрғындарына деген жауапкершілігін көрсетеді.
