Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Таразда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген жергілікті профилактикалық іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Prado автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде көлік тізгіндеген 50 жастағы әйелдің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Арнайы медициналық сараптама қорытындысы оның мас күйінде болғанын растады.

Аталған дерек бойынша сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында мас күйінде көлік басқарған 196 адам анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру