Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, мәселелері және оны шешудің баламалы жолдары” тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шара “Заң және тәртіп” идеологемасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуді Бас қолбасшылықтың әскери полиция басқармасының профилактика бөлімінің аға офицері Асхат Балтабаев ұйымдастырды. Сарапшы ретінде ІІМ Басқару академиясының докторанты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласының маманы Гүлмира Шрахметова қатысты.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері, оның туындау себептері, сондай-ақ ерте анықтау және ден қою тетіктері жан-жақты қарастырылды. Құқықтық аспектілерге, жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға және қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға жанжалдарды тиімді шешу тәсілдері, профилактикалық жұмыстың рөлі және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралардың әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және әскери ұжымдардағы тәртіпті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру